8(7112) 22-85-97

1 мамыр Бірлік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбындағы ұлттар жәрмеңкесі

Қазақстан Бірлігі күні мерекесіне орай «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органының белсенді оқушылары ұлттар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шара мақсаты: Оқушылар арасындағы адамгершілікті арттыру, қоғамдық жұмыстарға үлес қосу, еріктілер клубы оқушыларының бірлігін нығайту.

Шара барысында оқушыларға 1 мамыр мерекесінің маңыздылығы туралы айтылып, мереке күнімен мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтау сөз сөйленді. Көшбасшы оқушылар әр ұлттың тағамдарын дайындап, мектеп оқушыларына жәрмеңкеде тарту етті. 6ә сыныбының қыз балалары заманауи би билесе, 5а сынып оқушысы Меңдібай Нұрислам мен 10ә сынып оқушысы Ауғанова Ботакөз әдемі әндерін жолдады. 

1 мамыр мерекесі құтты болсын!