8(7112) 22-85-97

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылған тәрбие сағаттары.

Қазақстан Бірлігі күні мерекесіне орай 5а, 7а, 8б сыныптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  Мақсаты: Елін, Отанын сүюге, ұлтының салт-дәстүрін құрметтеуге, бір шаңырақ астында тұрып жатырған өзге ұлт өкілдеріне сыйластық танытуға үйрету.

Тәрбие сағатында сынып жетекшілер оқушыларға ел бірлігі, ұлт татулығы туралы түсіндіріп, ұлт өкілдерінің салт - дәстүрлері туралы да қосымша мәліметтер берді. Достық, татулықтың маңыздылығы туралы оқушыларға постер қорғатып, пікірлерін тыңдады. Сондай – ақ оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әндер айтып, өлеңдер оқыды.

Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Еңбек ортақ, жыр ортақ.
Ортақ бізге барлығы,
Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы.