8(7112) 22-85-97

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7б сынып оқушылары арасында «Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» сайысының 3 кезеңі ұйымдастырылды.

7б сынып оқушыларының арасында сынып жетекшісі Мукатаева Лиза Сансызбаевна «Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» сайысын ұйымдастырды.

7б сынып оқушыларының арасында сынып жетекшісі Мукатаева Лиза Сансызбаевна «Кітап әлеміндегі үздік кейіпкерім» сайысын ұйымдастырды. Сынып оқушыларына көктемгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында алдын ала оқуға Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі берілді. Сайыстың кезеңінде атаулы кітап шеңберінде 100 сұрақ беріліп, 30 минут ішінде  кітап мазмұны төңірегінде өз білімдерін (тест түрінде) белгіледі.   Жалпы сайыстың мақсаты:

  1. Шығарма мазмұнындағы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және құндылықтарды түсіну;
  2. Оқи отырып, көркем туындының тіл ерекшеліктерін түсіну;
  3. Оқушының сөздік қорын молайту;
  4. Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдыландыру;
  5. Төл туындыларымызды жаңғырту, ірі тұлға туындыларын насихаттау;
  6. Белгілі уақыт ішінде ойларын жүйелеп, шапшаң жауап беру дағдысын қалыптастыру.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының 3 кезең қорытындысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен сынып оқушылары Серік Райымбек пен Асқар Ғалымбекті үздік нәтиже көрсеткені үшін құттықтаймыз!