2022 жылдың 25 сәуірінде 7 «Б» сынып оқушыларына (каникулда оқыған кітаптары бойынша) "Мен оқыған бір кітап" READx жобасын сынып жетекші Л.С.Мукатаева өткізді.
"Мен оқыған бір кітап" READx жобасының мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу.
READx жобасының форматы: кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдердің бірігуі.
READx жобасының талаптары:
- кітаптың қысқаша мазмұны;
- -кітаптың қоғамға берер идеясы;
- автор идеясының ұнаған/ұнамаған тұстары;
- жарнамалық түрде аталған кітапты оқуға шақыру;
- қорытынды сөз. (Ұлы тұлғалар сөзі немесе шығармадан үзінді).
Жобаға қатысқан оқушылар: Мергали Аянат, Асқар Аймар, Нұрлан Назерке, Оралбекқызы Медина, Аман Аида өздерінің оқыған қызықты кітаптарының мазмұнымен бөлісті.