№41 мектеп -лицейінде 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай мектептің қамқоршылық кеңесімен бірігіп жүзеге асқан көлемді жобасы «Әкеме сыйлық жасаймын – 2022» марапаттау кеші өтті. Мақсаты: оқушылардың білімділік, тәрбиелік әлеуетін дамытуда ынталандыру жүйесін қалыптастыру; I, II ІІІ оқу тоқсандары бойынша 7-8 сыныптар арасынан бір ұлмен, бір қыз баладан озат оқушыларды марапаттау.
Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөз бар. Мектеп-лицейімізде білім мен ғылым, өнер мен спортқа бейім, оқуда озат оқушыларымыз жетерлік. Алайда, 7-8 сынып арасынан оза шапқан үздік оқушыларымыз: 7а сыныбынан Амангелді Аружан, Есмағамбет Ағзам. 7ә Самарқан Құндыз, Кенжебай Ерасыл , 7б сыныбынан Нұрлан Назерке, Серік Райымбек. 7 в сыныбынан Файзулла Сымбат, Ракишев Даулет. 8а сыныбынан Жаншина Ясмина, Муханбетов Али. 8ә сыныбынан Рахымғали Гүлдана, Бақытжанұлы Нұралы. 8б сыныбынан Хасан Аружан, Серік Нұрдаулет.
Мереке қарсаңында үлгілі, озат оқушыларымыз әкелеріне жетістіктерімен қуаныш сыйлады. Оқушыларымыздың әкелеріне мектеп-лицей атынан Алғыс хат, Қамқоршылық кеңес атынан «бес мың теңге» көлемінде сертификат табысталды.
Оқушыларымызды үздіктердің үздігі болуларыңызбен құттықтаймыз! Сіздерге білім шырағын табыстай отырып, болашаққа сапалы біліммен биіктерге жетіп, мектеп абыройын асқақтатасыздар деп сенім білдіреміз! Бүгінгі сондай әдемі жарқырап тұрған шәкірттеріміздің талаптары ешқашан мұқалмасын, қанаттары ешқашан талмасын!