7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында мектеп-лицейіміздің ер азамат ұстаздарын құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында әдемі әндер айтылып, әзіл ойын түрлері ойнатылып, марапаттар беріліп, ыстық ықыластар жолданды.
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!