Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін оларға рухани сезімдерді үйрету, патриоттық тәрбие беруде жас ұрпаққа бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі тәжірибені және болашақ жоспарларды байланыстыру қажеттігін сұхбаттасу арқылы жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сабағы үш бөлімнен тұрды бірінші бөлімде оқушылар тақырыпқа сай өнер көрсетсе, ал екінші бөлімде кітапханашы Ақдинаш Қабдірешқызы балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға, елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға шақырды. Үшінші бөлім бойынша ортаға арнайы қонақ қоғам қайраткері, облыстық маслихат депутаты, БҚО еріктісі Мырзахметова Асель Қажиахметқызы шақырылды. Кездесуде Асель Қажиахметқызы өз тәжірибесімен бөлісті, әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау керектігін айтып өтті. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы маңызын түсінуі, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы, өз халқына қатынасы қайырымдылық, айналадағы адамдарға көмек көрсету арқылы айқындалатындығын айтып өтті.