Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін оларға рухани сезімдерді үйрету, патриоттық тәрбие беруде жас ұрпаққа бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі тәжірибені және болашақ жоспарларды байланыстыру қажеттігін сұхбаттасу арқылы жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Мектеп кітапханасында оқушыларды Ұлы Отан соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру және оқушыларда патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату мақсатында «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты 6 а сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Мектеп кітапханашы Утеева Акдинаш Кабдрешовна осы соғыстың қалай басталғаны, неше жылға созылғаны, оған қатысқан ержүрек батырлар жайлы тарихи деректер, олардың көрсеткен ерліктері туралы баяндады. Оқушылар өлеңдер оқып, ән айтты. Жеңіс үшін өз өмірлерін құрбан еткендерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.