8(7112) 22-85-97

«My Robot» қалалық роботтық техника жарысының қорытындысы

Орал қаласы білім беру бөлімінің 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың 12 мамыр күні информатика пәнінен  «My robot» қалалық роботтық техника жарысы өтті.

Бұл байқаудың мақсаты роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету және білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру. «Шығармашылық категория» номинациясы бойынша  мектебіміздің 9ә сынып оқушылары Адилов Сержан Ибраш Мадияр қатысып жүлделі ІІ орын иеленді. Пәні мұғалімі Кожахметова Л.А. Оқушыларымызды  және жетекшісі  Ляззат Асылбековнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!