Ата-аналар арасында өткізген турнирінің мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстану, насихаттау, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өскелең ұрпаққа үлгі көрсету, спорт үйірмелерін дамыту
Халықаралық отбасы күніне орай Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. «Тәні саудың жаны сау» демекші, спорт үйірмелерін дамыту мақсатында елімізде көптеген істер қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр.
Мектеп-лицейіміздің ата-аналары спорттық ойында өздерін үздік көрсетіп, алдыңғы қатардағы ойыншылар болды. Жауапкершілік пен белсенділікті тең ұстап, қоғамға өзіндік үлес қосып, мектеп-лицей мерейі үшін қолдау танытқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!