Мектеп-лицейіміздің ата-аналарына отбасы құндылығын ұстану, отбасы тәрбиесінің өзектілігін бағамдау, мектеп пен отбасы арасындағы және ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасын нығайту мақсатында кездесу өткізілді.
№41 мектеп-лицейінде Отбасылар күні мерекесіне орай «Отбасы – бақыт мекенім» атты ата-аналармен кездесу өткізілді. Мектеп-лицейіміздің ата-аналарына кеңестер беріліп, тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар баланың жас ерекшеліктеріндегі психологиялық өзгерістер туралы айтылып, түрлі ойлар талқыланды. Ата-аналардың өзіңдік жеке сұрақтарына жауаптар беріліп, әртүрлі кеңестер айтылды.