Мектебіміздің 11- сынып оқушысы Аманжол Дәния мен биология пәні мұғалімі Ж.Жолдасбаева қала әкімі М.Саткановтың қабылдауында болып келді.
«Балалар жылы аясында» 23 мамыр күні өткен Орал қаласы әкімі М.Сатқановпен мектебіміздің жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың IV кезеңінің жүлдегері 11-сынып оқушысы Аманжол Дәния мен пән мұғалімі Жанат Жолдасбаева кездесуінде болып келді. Кездесуде қала мектептерінің Республикалық олимпиадада жүлделі орын алған оқушылары мен мұғалімдері болды. Жанат Жолдасбаева мен оқушымыз Дәния Аманжолға қала әкімінің алғыс хаты беріліп, оқушыларға сый ұсынылып, пән мұғаліміне сертификат табысталды.