8(7112) 22-85-97

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша лицейдің үздіктерін марапаттау

Мектептің қамқоршылық кеңесімен бірігіп ұйымдастырылған шаралардың бірі - оқу жылы қорытындысы бойынша  білім додасындағы жетістіктері бойынша үздіктерді  соңғы қоңырау салтанатты жиынында марапаттау болып табылады.

Алдын ала қамқоршылық кеңеспен келісіліп,  «Лицейдің үздік  шәкірті - 2022» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2022», «Лицейдің үздік педагогі-2022» атағын беру ережесі бекітілді.

Мақсаты: Оқушылардың білімділік, тәрбиелік және зияткерлік әлеуетін дамытуда ынталандыру жүйесін қалыптастыру, оқу жылы бойынша үздік шәкірттерді марапаттау.

Облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі сайыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары арасынан бір оқушы (командалық болса екі оқушы) таңдалынып алынды.   «Қазақ тілі  мен әдебиеті пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 10  сынып оқушылары  Мухтарова Назерке, Төлеп Назира,

«Орыс тілі  мен әдебиеті пәні бойынша лицей үздігі-2022» 10а  сынып оқушысы Айнедин Дильназ, «Қазақстан тарихы пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 10а сынып оқушысы Мұрат Камила, Құқықтану  негіздері пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 10а  сынып оқушысы Джанашев Бейбарыс,  «Биология  пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 11ә сынып оқушысы Аманжол Дәния, «Математика  пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 10 а сынып оқушысы Меңешов Нұрбек, «Физика  пәні бойынша лицей үздігі - 2022» 10 сынып оқушылары Аманжол Айым,  Ахмет Әлихан.

«Лицейдің үздік шәкірті-2022 жыл» Республикалық олимпиаданың IV кезеңінің жүлдегері  11 ә сынып оқушысы Аманжол Дәния.

«Лицейдің үздік педагогі - 2022» атағын берудің мақсаты: педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, жоғары деңгейдегі шығармашылық әлеуеті бар мұғалімдердің педагогикалық қызметінің қорытындысын жинақтау.

Атақтың иегері болып өз пәнін жоғары деңгейде өткізетін, облыстық, республикалық  дәрежедегі сайыстардың жүлдегерлерін дайындаған,  семинарлар мен шебер-сыныптарға, конференцияларға белсенді қатысатын, озат іс-тәжірибе таратқан қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші Беккужиева Светлана Адилхановна танылды.

«Лицейдің үздік  шәкірті - 2022» және әр пән бойынша «Лицей үздігі - 2022», «Лицейдің үздік педагогі-2022» атағын иеленген оқушылармен, педагог дипломмен марапатталып және бағалы сыйлық беріліп, лента тағылып, есімі тіркеу кітабына енгізілді.