8(7112) 22-85-97

«Бақытты балалық шақтың күміс қоңырауы!» салтанатты соңғы қоңырау кеші.

Бүгін мектеп-лицейімізде 2022 жылғы мектеп түлектеріне арналған  «Бақытты балалық шақтың күміс қоңырауы!» салтанатты соңғы қоңырау шарасы өтті. Мектеп – лицейіміздің 22 түлегі үшін соғылған соңғы қоңырау кешіне ардагер ұстаздар, мектеп -лицейіміздің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар, қалалық білім беру бөлімінің маманы Бағдагүл Нұрланқызы қатысты. Шара  ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылды.

Алғы сөзді директордың міндетін атқарушы А.Ж.Утебалиева алып, биылғы оқу жылында биология пәнінен  Республикалық олимпиада жеңімпазы Аманжол Дәнияны  дайындаған мектебіміздің ұстазы Жанат Жолдасбаева мен  Дәнияның ата-анасы  Муханбеталиев Рустем Аманжолович пен  Есенгалиева Алмагуль Аманжоловнаны мектеп атынан Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ   Қамқоршылық кеңес төрайымы Булатова Арайлым Қуанышқалиқызына, кеңес мүшелері Утешев Мадияр Амангелдіұлына, Мухамбетова Айгул Бекетқызына, Мереке Самиғоллаұлына  Алғыс хат табыстады. Шара биыл мектеп табалдырығын аттаған 5-сынып оқу озаттарын марапаттаумен жалғасты.

Соңғы қоңырау салтанатында  мектеп түлектерінің  ата-анасы Бекежан Қайырбайұлының мектеп ұжымына деген ыстық ықыласын білдірді. Мектеп түлектері алтын ұяларына, ардақты ұстаздарына деген алғыстарын әсем әндерімен өріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына гүл шоқтарын табыстады. Қимас шақтың көрінісін айқындаған «Мектеппен қоштасу» вальсін билеп, салтанатты шара соңында білім әлеміне шақырған күміс қоңырауын соғып, мектеп-лицей ізбасарларына табыстады.

Сәт сапар, жас түлек!!!