8(7112) 22-85-97

№41 мектеп-лицейінде жазғы мектеп өз жұмысын бастады

№41 мектеп-лицейінде 26 мамыр күні «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жоспар құрылып, тәрбиелік, Әлеуметтік-психологиялық шаралар, тренингтер өткізілетін болды. Оқу сауаттылығын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізіледі.

Жазғы мектептің ұйымдастырылу мақсаты:

-Білім алушылардың нақты оқу пәндері бойынша оқу жетістіктеерінің деңгейін анықтау арқылы білімдеріндегі олқылықтарда жою және олардың орнын толтыру;

-Оқушыларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету;

Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жоспар құрылып, тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық шаралар, тренингтер өткізілетін болды. Оқуға құштар мектеп – оқу сауаттылығын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізіледі.

Биылғы жылдың ерекшелігі, оқумен қоса балалар үшін демалыс ұйымдастырылады. Бұл дегеніміз биыл оқыту бағдарламаларымен қоса жазғы демалыс шаралары да бірге жүзеге асырылады. Мысалы, жазғы мектепке келген пәндерді оқумен қатар қалған уақытты қызықты ойындар ойнап, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамытып уақыттарын пайдалы өткізеді. Алда оқушыларды тренингтер, мастер кластар, саяхаттар, сан алуан шығармашылық тапсырмалар мен түрлі жұмыс түрлері күтіп тұр.