Мектептің 2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 30 мамыр күні 5-сыныптарға қабылдау емтиханы өткізілді.
Мектеп директорының м.а 2022 жылғы 11 мамырдағы №27 бұйрығына сай 5-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жұмыс жүргізілді. 25 мамыр күні сағат 14.00-18.00 және 26, 27 мамыр 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 134 оқушының ата-анасынан конкурсқа өтініш, қажетті құжаттар тапсырылып, 30 мамыр күні қабылдау емтиханына барлық оқушылар қатынасты. Емтихан өту кестесіне сай сағат 9:00 – 10:10 уақыт аралығында оқу сауаттылығы және математика және логика бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып 8 оқу кабинетінде өткізілді. Әр кабинетте кезекші мұғалім өз міндетін атқарды. Емтихан ережеге сай өткізілді. Дәлізде жауапты кезекшілер міндетін атқарды. Кабинеттегі кезекшілер уақытында оқушылардың жұмысын жауапты директордың орынбасары Ж.Жолдасбаеваға қадағалаушымен бірге тапсырды. Емтихан жұмыстарын бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін құрылған жұмыс тобы тексеріп, 30 мамыр күні сағат 17.00 де емтихан қорытындысы жарияланды. Қабылдау комиссия шешіміне сай 100 оқушыдан тұратын 4 лицей сыныбы жасақталынды. 31 мамыр күні сағат 10.00 – де мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды. Конкурстан өткен оқушылардың ата-аналарымен 17.30-да қашықтан жиналыс өткізіліп, мектептің ішкі тәртіп ережесі, құжаттарды қабылдау бойынша Egov.kz порталында қалай жүзеге асатындығы туралы түсініктемелер берілді.