Бағдарламаның мақсаты: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлай отырып, бақытты балалық шақтың тәтті шақтарын сезінуге, отбасын, елін, жерін, достарын құрметтеуге баулу, балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Балаларды қорғау мерекесіне жазғы лагерь оқушылары қатыстырылып, іс-шарада оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында қызықты ойындар, викториналық сұрақтар, тикток трендтері, тимбилдинг ұйымдастырылды. Шара соңында оқушыларға ұстаздар атынан тәттілер, сыйлықтар ұсынылды. Оқушыларымыз барлық ойын түріне белсене қатысып, қызықты өткізді.
Мектеп-лицейіміздің балғындары, демалыс уақыттарыңызды көңілді өткізіп, алдағы оқу жылына сәттілікпен оралуларыңызға тілектеспіз!
Жұртымыз тыныш, еліміз бүтін, болашағымыз жарқын болсын!