Мектепішілік лагерь оқушыларына қаламыздың мәдени ошақтарына экскурсия жасау жоспарланған болатын. Осы жоспар негізінде 5,6 сынып оқушылар халқының сый-құметіне бөленген Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдени және өнер орталығында және Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың Мемориалдық мұражай үйіне барып қайтты.
Оқушыларымыз еліне қызмет еткен қайраткерлеріміздің өмір жолымен, жасаған ерен істерімен танысып, еліне жасаған қызметі мен ерлігі туралы кең мәлімет алып қайтты. Қадыр ақынның әдебиет мұражайымен танысу арқылы ақынның даналығына, даралығына көз жеткізсе, Батыр Мәншүктің майдандағы ерлігі мен сұрапыл соғысқа дейінгі жастық шағын, қаһармандық тұлғасын танытуда, жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруде музей-үйінің жәдігерлері аса құнды дүние екенін біліп қайтты. Сол құнды дүниелерді оқушыларымыз өз көздерімен көріп, үлкен әсер алды.