8(7112) 22-85-97

«Байтақ елімнің рәміздері» тақырыбындағы жазғы лагерь жанында ұйымдастырылған іс-шара

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Мерекелік кеш Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналды. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Мерекелік кеш еліміздің әнұранымен басталды. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? -деген сұрақтарға түсінік беріліп, тарихын баяндайтын слайд көрсетілді.. Журналымыздың бірінші беті : Еңселі Елтаңба. Журналымыздың екінші беті: Тұғырлы туымыз. Журналымыздың үшінші беті: Асқақтаған Әнұран. Осы бөлімдер бойынша оқушылар тақпақтарын айтып,әр бөлімнің мән- мағынасына тқталып, Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу екені түсіндірілді. Шара барысында балаларға сұрақ-жауаптар, мақал-мәтелдер жасырылып, ойындар ойнатылды.Кеш соңы «Елім менің» әнімен қорытындыланды.