Мектеп-лицейімізде "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқаны жалғасуда. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты: жазғы кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу, бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару.
Мектеп -лицейіміздің жас мамандары, мектеп еріктілері мен белсенділері «Мерей» базары мен Орал ойын-сауық орталығы маңында қала тұрғындарына, ата-аналарға, орталық кәсіпкерлеріне жадынама таратты.
"Бала еңбегі"-бұл баланы балалық шағынан, адамгершілік қасиетінен, өз қарымын дамыту мүмкіндігінен айыратын және олардың физикалық, психикалық дамуына зиян келтіретін жұмыс. Көптеген себептердің нәтижесінде жұмыс істеуге мәжбүр болған бала "Бала еңбегін қанау" деген ұғымға тап болады. Жұмысқа қабылдауға рұқсат берілетін жас мөлшері - 16 жас.