«Түлек 2022 - жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті. Мектеп бітіру кешінің мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, педагогтарға, ата-аналарға, мектептегі достарына алғыс сезімін, туған мектебіне құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
2021-2022 оқу жылында 11-сынып бойынша 22 шәкірт жалпы орта білімді аяқтап отыр. 2 оқушымыз «Алтын белгі» иегері, 2 оқушымыз «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгі» иегерлері: Қадырболат Ринат, Сағынғали Баянсұлу. «Үздік аттестат» иегерлері:Серік Назерке, Аманжол Дәния.
Салтанатты жиын барысында мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Утебалиева Алия Жарқынқызы үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған шәкірттерге ақ жол тілеп, аттестаттарын табыстады. «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгілері табысталып, «Үздік аттестат» иегерлеріне ленталар тағылды. Жалпы орта мектеп курсын табысты аяқтап, лицейіміздің намысын биік ұстаған лицей мақтаныштарының ата-аналарына мектеп өміріне белсене қатысып, бала тәрбиесіне аса мән бергендері үшін «Алғыс хат» тапсырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманиязова Гулдана Сайлауқызы түлектердің өмірлік мақсаттарын іске асыруға мотивация бере отырып, оқушылардың өзіндік бейіміне қарай номинациялар табыстады. Мектеп түлектері әсем әндері мен көркем билерін ұсынып, салтанатты кешті әрлей түсті. Сынып жетекшілері Нұрлан Шайдоллаұлы мен Лаура Самиғоллақызы оқушыларын қимастықпен мектеп қабырғасынан шығарып салды. Тәуелсіз елдің ертеңі- айбынды жастар! Сәт сапар!