8(7112) 22-85-97

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 41 мектеп-лицейі үздіктер арасында

2021 – 2022 оқу жылы бойынша қала мектептерінің «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» мониторингісінің қорытындысы жарияланып,#41 мектеп-лицейі ІІ орын иеленді.

Мониторингте 11 бағыт бойынша рейтинг жасалып, балдық жүйемен бағалау жүргізілді:

  • оқушылардың білім сапасы;
  • оқу озаттары, оқу екпінділерінің болуы, үлгермеушілердің төмен болуы;
  • Түлектердің «Алтын белгіге», «Ерекеше аттестатқа» ұсынылуы;
  • 9 сыныптар бойынша «Ерекше үлгідегі» куәлік иегерлері;
  • 5 – 8 сынып оқушылары олимпиадасының қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері;
  • оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар сайысындағы жетістіктері;
  • оқушылардың қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқау, спорттық жарыс, интеллектуалдық сайыстарда жүлдегер атануы;

Осы көрсеткіштерді есептей келе қала мектептерінің ішінде #41мектеп-лицейі ІІ орын иеленіп, 200000тенге ақшалай сертификатпен марапатталды.