8(7112) 22-85-97

10 -сыныптарға қосымша қабылдау емтиханы өткізілді

Мектептің  2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдау жоспарына сай 10 тамыз күні 10-сыныптарға қосымша қабылдау емтиханы өткізілді

Мектеп директорының 11 мамырдағы №45 бұйрығына сай Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығын, Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығын, мектеп-лицей Жарғысын және  2022 жылғы 30 наурыздағы №6 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген МЕКТЕПКЕ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІН басшылыққа ала отырып және 16.06.2022 жылғы қабылдау комиссиясының №2 хаттамасына сай , 10-сыныпқа оқушыларды қабылдау жоспарланған жұмыс кестесі бойынша жұмыс жүргізілді. 8-9 тамыз  күндері  сағат 9.00-13.00 және 14.00-18.00 дейін конкурсқа өтініш және құжаттар қабылдады, барлығы 19 оқушының ата-анасынан (7 физика-география, 12 химия-биология бағыты) конкурсқа өтініш,  қажетті құжаттар тапсырылып, 10 тамыз  күні қабылдау емтиханына барлығы 17  оқушы   қатынасты, 2 оқушы емтиханға келмеді. Емтихан өту кестесіне сай сағат 10.00 - 12.00 уақыт аралығында (химия-биология бағыты) химия, биология, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы пәндері бойынша, 10.00 -12.30 уақыт аралығында (физика-география) физика, география, математика, Қазақстан тарихы пәндері бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып 205, 206 кабинеттерінде өткізілді.  Әр кабинетте кезекші мұғалімдер болды. Емтихан ережеге сай өткізілді. Дәлізде жауапты кезекшілер міндетін атқарды.  Кабинеттегі кезекшілер уақытында оқушылардың жұмысын жауапты директордың орынбасары Ж.Жолдасбаеваға оқушымен бірге тапсырды. Емтихан  жұмыстарын  бағалаудағы даулы мәселелерді шешу үшін  құрылған  жұмыс тобы   тексеріп, 10 тамыз  күні сағат 17.00 де емтихан қорытындысы  жарияланды. Мектеп сайтына қабылдау комиссиясының хаттамалық шешімі жарияланды.