8(7112) 22-85-97

Қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі қала мектептерінің арасында рейтингте ІІ орынды иеленді

22 тамыз күні Орал қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сай Ә. Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицей  базасында  тамыз конференциясы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін құндылықтар негізінде оқыту үрдістері, мәселелері, келешегі» тақырыбында семинар өткізілді

Семинар соңында  2021-2022 оқу жылының қорытындысындағы жетістіктер бойынша бірлестіктер марапатталды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің  мәртебесін  көтеруде  және  кәсіби деңгейінің  сапасы мен рейтингісін анықтауда мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі қала мектептерінің арасында ІІ орын иеленді. Бірлестік құрамында 4 педагог-зерттеуші және 1 жас маман жұмыс жасайды. Бірлестік жетекшісі Беккужиева Светлана Адилхановна. Пән мұғалімдері Нурсапина Светлана Утешовна, Иманиязова Гульдана Сайлауовна, Куанышкалиева Гулдария Ермековна, Сулейменова Гаухар Ғарифоллақызы. Қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерін  жетістіктерімен құттықтаймыз!