8(7112) 22-85-97

«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын талдау

Мектептің жұмыс жоспарына сай 23-24 тамыз күндері мектебімізде «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты,  орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық актілері  талдау, КТЖ жасақтауға оқыту семинары ұйымдастырылды.

Мектеп педагогтерін 4 топқа бөле отырып, оқыту семинары ұйымдастырылды.

1-топ

Топ басшысы – Нурсапина С.У

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

Биология пәні мұғалімдері

Физика пәні мұғалімдері

АӘД пәні мұғалімі

2-топ

Топ басшысы – Адиева Л.С.

Орыс тілі пәні мұғалімдері

География пәні мұғалімдері

Көркем еңбек пәні мұғалімдері

Информатика пәні мұғалімдері

3-топ

Топ басшысы – Орынбасарова Э.О.

Тарих пәні мұғалімдері

Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері

Химия пәні мұғалімдері

Хореография мұғалімі

4-топ

Топ басшысы – Мусагалиева А.К.

Математика пәні мұғалімдері

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері

Музыка пәні мұғалімі

Семинар барысында 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктерге арналған әдістемелік нұсқау хатты талдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері туралы баяндама жүзінде, орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері туралы сұрақ-жауап түрінде, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша әр пән мұғалімдері әдіс-тәсілдер түрінде жұмыстанды. Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін пән мұғалімдері топтық жұмыста талқылады. Топ басшыларының бағыт-бағдары, арнайы жоспарлары негізінде ұжым мүшелері нұсқау хаттың мазмұнымен толық танысты. Сергіту сәттері, топтық жұмыстары, ақпараттық құралдарымен жұмыстануы нәтижесінде ұжымдасқан, нәтижеге бағытталған жұмыс атқарылды. Алынған ақпарат, көрсетілген материал негізінде жаңа оқу жылына арналған КТЖ құруға бірлікте жұмыстану үстінде. Еңбек жолын енді бастағалы отырған жас мамандарға да бұл форматтағы семинардың берері көп. Өйткені мұғалім әдебі, жүріс-тұрыс, киім кию мәдениеті сияқты да мәселелер турасында бағыт берілді.  Жұмыс кестесі

24 тамыз 2022 жыл

Уақыты

Жұмыс мазмұны

900-1040

«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын талдау.

Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері

1040-1100

Кофе-брейк

1100-1230

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру

 Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері

1230-1300

Оқу жұмыс жоспарын таныстыру

25 тамыз 2022 жыл

Уақыты

Жұмыс мазмұны

900-1040

Әр пән бойынша оқытудың ерекшеліктері. Әр пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру

1040-1100

Кофе-брейк

1100-1300

КТЖ дайындау