Мектеп-лицейімізде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын оздырылды. Білім күні іс-шарасы күмбірлеген күймен ашылып, Қазақстан Республикасының гимнімен ұласты. Алғы сөзді мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы А.Ж. Утебалиева алып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты жиынға Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кайрлиев Серік Ерболатұлы, білім шаңырағында өзіндік із қалдырған ардагер ұстаздар қатысып, ата-аналарға, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Салтанатты жиын барысында осы оқу жылында мектеп-лицей табалдырығын алғаш аттап отырған 5-сынып оқушыларына ерекше назар аударылып, құттықтаулар жолданды. Оқушылар легі өз арман-мұраттарын әдемі оймен өрнектеп, әсем әндер шырқалып, шара соңында мектеп-лицей гимні орындалды. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушыларды сыңғырымен күміс әуенге бөледі.