Білім басқармасының 2022 жылғы 4 ақпандағы №96 бұйрығына сәйкес экологиялық - биологиялық орталығының ұйымдастыруымен «Жер иесі» облыстық сырттай байқауы өткізілді
Облыстық сырттай байқаудың негізгі мақсаты: еліміздің өскелең ұрпағын, білімді көшбасшысы мен табысты азаматын тәрбиелеу, білім беру мекемелерінің сыртқы және ішкі көгалдандыруына баса мән беріп, білім мен тәрбие берудегі басты құрал ретінде маңыздылығын арттыру.
Міндеттері: оқушылардың бойында экологиялық сана қалыптастыру, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру, үздік іс - тәжірибені тарату, экологиялық қызметті көтермелеу. Материалдар презентация түрінде Power Point немесе бағдарламасында электронды түрде тапсырылды. Жұмыс жоспары, дизайнерлік жобасы, көрнекі-иллюстративті материалдар (кестелер, суреттер, бақылау күнделіктері, оқу-зерттеу және тәжірибе жұмыстары, фото, видео және шығармашылық материалдар.
Байқау бірнеше номинация бойынша өткізілді. «Ең үздік стильді мектеп» номинациясы бойынша мектебіміз ІІ жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Боранбайқызы Назерке.