Кештің мақсаты: Оқушыларды ақын Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолданың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
«Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады», - демекші, 41 мектеп лицейінің 9 ә сынып оқушылары және сынып жетекшісі А.Уақитқызы ақынды құрметпен қошеметтеп қарсы алып, сыр-сұхбат кешіміздің пердесін ақынның «Тамыз» өлеңімен ашты. Алдымен ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, кешіміз әрмен қарай оқушылардың ақынға қояр сауалдарымен жалғасын тапты. Поэзия минутында ақынның туындыларын қызыға оқып, өлеңдерін жаттап жүрген оқыушылармыз кезек алып, ақын өлеңдерін оқыды. Мектеп кітапханашысы А.Қабдрешқызы «Әдеби Ақжайық» кітап көрмесіне шолу жасап, ақынның төл туындыларымен таныстырды. Ағамыздың «Жігіттер» квартеті, «Шамшырақ» дуеті, Тамара Асар, Димаш Құдайбергенов және өзге де әншілердің орындауындағы ән дүниесі - өзінше бір әлем. Сонымен қатар, балаларға арнап жазған отыздың үстінде әндері бар. Сондай әндердің бірі «Анамның жаққан ошағы» әні тыңдалып, ақын ағамыз дәл осы атаумен шығарған кітабына өз қолтаңбасын қалдырып мектеп кітапханасына сыйға тартты. Сыр-сұхбат соңында ақын балалрға өз тілегін білдіріп, естелік фото суретке түсті. Сыр-сұхбат кешінде ақынның шынайы әңгімелері балаларға өте жақсы әсер қалдырып, ризашылықтарын білдірді.