Балалар жылы қарсаңында 41 мектеп-лицейінің 5 сынып ата -аналарының арасында «Отбасы -отанымыздың ошағы" атты көңілді сөре жарысы оздырылды.
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға қолдау таныту арқылы балалардың бойларына төзімділік, жылдамдық, ептілік қабілеттерін дамыту. Ойын барысы кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын, әділ көзқарастарын, достық ортасын қалыптастыру.
«Отбасы - Отанымыздың ошағы" тақырыбында көңілді сөре эстафеталық жарысына 5 сынып ата -аналарынан құралған 4 команда және әр командадан 4 спортшы қатысты. Эстафеталық жарыс Қазақстан Республикасының гимні шырқалып ашылды. Алғы сөзді мектеп – лицей директорының тәрбе ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Сайлауқызы алып, өтіп отырған шараның негізгі мақсатын айта отырып, балаларды қолдап, Бақытты балалық шақты ұсынуда ата-аналардың рөлі басым екеніне тоқталып өтті. Эстафеталық жарыс ІІІ бөлімді қамтыды.
- Таныстыру.
- «Жарысайық бәріміз» бөлімі 6 турдан тұрады.
- Қорытынды. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.
Жарыс қорытындысында І орынды 5а сыныбының «Шеркеш» командасы, ІІ орынды 5б сыныбының «Достық» командасы, ІІІ орынды 5ә сыныбының «Бірлік» командасы мен 5в сыныбының «Жалын» командасы алды. Жарысқа қатысушыларға ата-аналардың қолдауымен мектеп-лицей атынан сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Жарыстың жауапты төрешісі дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Р.Имангазиева жарысты ұтымды ұйымдастырып, тартысты ойын болды.