22 қыркүйек – Қазақстан халқының Тілдері мерекесіне орай 19 қыркүйек күні №41 мектеп-лицейінде тақырыптық жиын оздырылды. Үш тұғырлы тіл саясатын насихаттай отырып, ана тілімізді құрметтеуге, дәріптеуге негізделген шараға ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысты.
«Тіл – ұлттың тұғырлы тірегі» атты шараның шымылдығы қазақ биімен ашылды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген Қадыр Мырза Әлінің ұлағатты сөзін ұран қылған шәкірттер өзге тілде өлең оқып, қазақ елінің қонақжай, бауырмал халық екенін тағы бір дәлелдеді.
ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшылардың бірі болған көрнекті тұлға, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы айтқан насихат сөздерін 11-сынып оқушылары нақышына келтіріп оқыса, тәуелсіз елімізде ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін деген тілекпен «Жаса, жаса, қазақ тілі» әнімен тақырыптық жиынның нүктесі қойылды.