41 мектеп-лицейінің 5 -7 сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
«Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» сынып сағаты барысында елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп, жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да, жол-көлік оқиғаларының қаупі де арта түскендігі айтылып, жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет екені ескертілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жағдаят тапсырмалары беріліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сондай – ақ, жолда жүру ережелерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушыларға сыртқы киімдеріне және сөмкелеріне жарық шағылыстырғыш ленталарын тағу ата-аналарға ескертіліп, іске асырылды.