8(7112) 22-85-97

«Жас Ұлан» ББМЖҰ мен Балалар өкілдігі және «Мектеп Парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының отырысы

41 мектеп-лицейінің 8 -10 сынып оқушыларымен «Жас Ұлан» ББМЖҰ мен Балалар өкілдігі және «Мектеп Парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының алғашқы отырысы өткізілді. Мақсаты: - Оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру; - Бойында ұйымдастырушылық пен бітімгерлік қасиеттері дарыған жеке тұлғаларды қалыптастыру; - Жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын,белсенді өмірлік ұснанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу.

Отырыс барысында ұйымның тұжырымдамасы мен Бала құқығы туралы конвенция оқушыларға таныстырылып, жаңа оқу жылына жаңа көшбасшыларды тағайындау жөнінде мәселелері қаралды. «Жас Ұлан» ББМЖҰ мен Балалар өкілдігі және «Мектеп Парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының жұмыс бағыттары түсіндірілді. Өткен оқу жылында «Жас Ұлан» ББМЖҰ мен Балалар өкілдігі және «Мектеп Парламенті» өзін – өзі басқару ұйымының белсенділері өткен оқу жылында өткізген іс – шараларын жаңа құрамға таныстырып, алдағы оқу жылында жоспарланған шараларды әр бағытты қамтып, жүйелі өткізу туралы ұсыныстар білдірді.