8(7112) 22-85-97

«Адалдық – адамдықтың белгісі» адалдық сағаты

41 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларымен «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді.

Мақсаты:

- Оқушылардың адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту;
- Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету;
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тәрбие сағаттарын сынып жетекшілер әр түрлі форматта ұйымдастырып, оқушыларды адал болуға, шынайылыққа шақырды. 8ә сыныбындағы Светлана Адилхановна ұйымдастырған Адалдық сағаты сұрақ – жауап бөлімімен басталып, оқушыларға адалдық, достық, шыншылдық жайында сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Адалдық сағаты барысында оқушылармен жағдаяттар шешіліп,  «ойланайық, пікірлесейік»  айдарымен берілген сұрақтар төңірегінде және нақыл сөздер мағынасын өрбітіп, әңгіме жүргізілді. «Досым, саған арнаймын» достыққа байланысты ақын - жазушыларымыздың өлеңдерін айтумен жалғасты. Адалдық сағаты Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңімен қорытындыланып, оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Жүректен жүрекке» тренингімен «Жақсы адамдарым» әнін орындап  адалдық сағаты аяқталды.