8(7112) 22-85-97

«Если дружат люди- дружат языки» тақырыбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8 сынып оқушыларының арасында интеллектуалдық ойын өткізілді

21 қырқүйек күні орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8 сынып оқушыларының арасында өткізілген интеллектуалдық  ойынның  мақсаты тәрбиеленушілердің бір-біріне, өз сыныбына, қоршаған адамдарға қамқор қарым-қатынасын қалыптастыру, шығармашылық, мейірімділік және өзара түсіністік атмосферасын құру

Ойын  3 бөлімнен тұрды.  «Полиглот», «Юный оратор»    «Поиграем-угадаем».  «Поиграем-угадаем» турында украин, белорус тіліндегі жұмбақтарды шеше отырып,шешімін қазақ, ағылшын тілдеріне аударды. «Юный оратор» бөлімі  бойынша «Егер мен елдің президенті болсам, бірінші кезекте мен ..... жасар едім…» деген тезистерге жауап алынып, оқушылар ой-пікірлерін жеткізді. Түрлі бағытта шығармашылық тапсырмалар орындап, іс-шараға белсенділікпен қатысты.