Қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау, математикадан логикалық есеп шығару қабілетін дамыту мақсатында 23 қыркүйек күні 7-8 сыныптар арасында «Математикалық регата» сайысы өткізілді.
«Математикалық регатаға» 7 сынып оқушылары Сәбит Бибарыс, Ербулат Айбат, 8а сынып оқушылары Есмағамбет Ағзам, Айдосқызы Арай қатысып, командалық есепте І орынды иеленді. Пән мұғалімдері Капашева Гулжамал Нуржановна, Самарбаева Балжан Амантайқызы және Курмашева Гулайша Маратовна. Оқушыларымызды, пән мұғалімдерін жеңісімен құттықтаймыз!