8(7112) 22-85-97

9-11 сыныптар аралығындағы қалалық «Математикалық регата» сайысының қорытындысы

Қалалық білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және дарынды балаларды анықтау, математикадан логикалық есеп шығару қабілетін дамыту мақсатында 26 қыркүйек күні 9-11 сыныптар арасында «Математикалық регата» сайысы өткізілді.

«Математикалық регатаға» 9 сынып оқушысы Муханбетов Али, 10 сынып оқушылары Сағынтаева Ранида, Шынболатова Зарина , 11 сынып оқушысы Меңешов Нұрбек қатысып, командалық есепте ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімдері Капашева Гулжамал Нуржановна, Батырғалиева Айнұр Қанатқызы, Мукашева Райса Бейбитовна және Ақылай Тарихқызы. Оқушыларымызды, пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!