Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай 7 қазан күні «Талдамалық сараптама жүргізу» шығармашылық тобының жетекшісі Б.Д. Габдрахманова коучинг өткізді.
Коучингте өткізіп, пән мұғалімдеріне қысқа мерзімді жоспарды құрғанда нені ескеру керек, сабақ құрылымының тайм-менеджменті қалай сақталады, оқу мақсатын сабақ мақсатына айналдырғанда неге көңіл аударылады деген сұрақтарды ашып, ойымен бөлісті. Оқытудың әдістері, оқыту мен білімді игеру сызбасы, қысқа мерзімді жоспарды талдау алгоритмі қарастырылды. Оқушыларды жетістікке жеткізуде дағдыларының даму деңгейі мен жұмыстың қиындық мөлшері арасында баланс болу керектігі белгілі педагог, психологтардың жұмыстарына сүйеніп түсіндірілді.