2022 жылдың 7 қазан күні 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында Жұбан Молдағалиевтің мол мұрасымен таныстыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту, жас буынның тарихи танымын, демократияға көзқарасын, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында «Жұбан ұрпақтары жүрегінде» қалалық Жұбан оқулары байқауы оздырылды
Бұл байқау үш бөлімнен тұрды. Екінші бөлімі бойынша – ұсынылған үш тақырыптың біріне 120 минут уақыт ішінде 300-400 сөзден эссе жазуы керек. «Мен қазақпын» атты эссе бөлімі бойынша №41 мектеп-лицейінің 10 «А» сынып оқушысы Абай Әлішер ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Г.Е.Куанышкалиева. Жеңімпаз оқушымыз бен пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!