8(7112) 22-85-97

Асық ату ойын ережесі

11 қазан күні «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында 5 - 6 сыныптарына ұлттық ойын «Асық ату» шарасы өткізілді. Негізгі шараның мақсаты ұлттық ойын «асық атудың» шыққан тарихын түсіндіріп, оқушыларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулыды.

Оқушыларға шараны өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімі Хамитов Мұрат Талапұлы. Шараның жоспары бойынша оқушыларға презентация түрінде ұлттық ойын «Асық атудың» шыққан тарихын түсіндірді. Және де асық ойынау барысында қимыл – қозғалысқа тигізер әсерін, асықтың түрлерін, оның қалай иіру керектігіне тоқталып кетті. Асық ойындарының «Ханталапай», «Омпы» түрлерін түсіндірді. Оқушыларды үш сыныпқа бөліп асық ату ойынын ойнады. Шара жақсы деңгейде өтті, жоспарланған мақсаттар орындалды. Оқушылар асық ату ойынын үйренді.