8(7112) 22-85-97

Қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс, қол күресі

13 қазан «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының «Қазақтың Ұлттық ойындары (арқан тартыс, қол күресі)» жарысы өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты оқушыларға ұлттық ойындарды түсіндіріп, топпен жұмыс жасауға бағытталған.

Оқушыларға шараны өткізген Нурманов Асланбек Орынбасарұлы, Имангазиева Айзада Романовна. Іс Шарада Қазақтың Ұлттық ойындары арқан тартыс және қол күресінің шығу тарихы туралы қысқаша ақпарат берілді. Сыныптар сапқа тұрғызылып ең бірінші арқан тартыстан жарыс өткізілді. Жарысқа 9-10 сыныптар қатысты. Қол күресінен әр сыныптан екі оқушыдан қатысып, бақтарын сынады. Жарыс жақсы деңгейде өтті.