14 қазан күні «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» тақырыбындағы дене шынықтыру апталығының аясында 9-11 сыныптарына қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия Кубогінің жеңімпазы. Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем Кубогінің, Әлем Чемпионатының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Кабилов Рахат және Көшкенғали Рахат – қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. ҚР Чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, ҚР Кубогінің жеңімпазы, Азия Чемпиондарымен кездесу кеші өткізілді.
Оқушыларға шараны өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімі Имангазиева Айзада, Нурманов Асланбек, Хамитов Мұрат, Еркингалиев Алибек. Кездесу барысында спортшыларымыз Кабилов Рахат және Көшкенғали Рахаттың спорт жолындағы жетістіктері туралы шағын бейнеролик көрсетілді. Іс шара барысында оқушылар өнерін көрсетіп, спортшыларымызға сұрақтар койылып, сұхбатасты. Тәжірибе жүзінде оқушыларға қол күресінің әдіс тәсілдерімен бөлісіп, оқушыларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шараның соңында апталық бойынша қорытынды жасалып марапаттау рәсімі жүргізілді. Асық атудан 1 орын – 5 б сыныбы, 2 орын - 6 б сыныбы, 3 орын – 5 в сыныбы. Арқан тартыстан 1 орын – 9 а сыныбы, 2 орын – 9 б сыныбы, 3 орын – 10 а сыныбы. Қол күресінен 1 орын – Утебаев Аңсар 10 а сыныбы, 2 орын – Серік Нұрдәулет 9 б сыныбы, 3 орын – Қайырбек Сқұлтан 9 б сыныбы марапатталды. Келген екі спортшымызға мектебіміздің атынан алғыс хат пен сыйлық табысталды.