17 қазан күні ««Пусть книги друзьями заходят в дома, Читайте всю жизнь, набирайтесь ума!» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылуы өтті. Іс шараның негізгі мақсаты: орыс тілі мен әдебиетін оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру; танымдық белсенділікті қалыптастыру; балаларды кітап мәдениетіне баулу.
Апталықтың ашылуына арналған салтанатты жиында 7а сынып оқушылары кітаптар, кітап оқудың пайдасы туралы өлеңдер оқып, сүйікті шығармалары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Жиынның соңында оқушылардың орындауында " Кітапты жақсы көр!» әні шырқалды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің жетекшісі Н. О. Рахметқалиева оқушыларға құттықтау сөз сөйледі. Үзілісте аптаның жұмыс жоспары бейнеролик арқылы ұсынылды. Жиын жоғары деңгейде өтті.