18 қазан күні орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында кітапханада «Классика и читатель 21 века» тақырыбында кездесу оздырылды. Оған white_sparrow_uralsk арт-кеңістігінің кураторы С. С. Быков қатысты.
Кездесу басында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.О. Рахметқалиева классикалық әдебиет бүгінде өзекті ме, ол не бере алады, не үйрету керек деген сұрақтар қойып, қатысушыларды сұхбатқа тартты. Сұхбат барысында 10-11 сынып оқушылары классикалық әдебиет барлық уақыттағы әдебиет екенін атап өтті. Ол адамды, оның ішкі әлемін, моральдық-адамгершілік көзқарастарын қалыптастыратын негіз болуы керек деген ой білдірді. Оқушылар оқыған кітаптары туралы айтып, сюжеттеріне тоқталды.
Іс-шарада white_sparrow_uralsk арт-кеңістігінің кураторы С.С. Быков өзінің оқырмандық бейімділігі туралы айтып, өмірдегі оқудың рөлі туралы ой жүгіртті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесудің белсенді қатысушыларына кітаптар сыйға тартылды.