19 қазанда Орал қаласының №41 мектеп-лицейінің оқушылары Лицей күнін атап өтті. Қысқаша мектебіміздің тарихына шолу жасасақ. 1996 жылы 4 шілдеде №41 мектеп-балабақша-гимназиясы болып ашылды. 2001 жылғы 29 желтоқсаннан бастап мектеп атауы «№41 орта мектебі» болып өзгертілді. Үздіксіз жүргізілген оқу тәрбие жұмысының негізінде оқу ордамыз 2012 жылдың 31 тамыздағы №2144 қаулысымен «мектеп -лицейі» болып заңды түрде бекітілді.
Мектеп-лицейіміздің миссиясы білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес оларға кең ауқымда және тереңдете жаратылыстану-математикалық білім беру және шығармашылық мүмкіндігін ашу болып болып табылады.
Ибалы да, инабатты «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері белсенділік танытып, Халықаралық лицей күніне арнап мектеп әнұранын шырқап, түрлі түсті шарменен кіріп келе жатқан ардақты да ,аяулы ұстаздарымызды жылы жүзбенен күтіп алды. Арнайы қойылған тақтайшаға әр оқушы өзінің мектебіне деген құрметін сезіну мақсатында алақандарын басып ішіне стикерге жазылған тілектерін ілді. Осындай «тілектер» акциясы негізінде өткізілген мерекелік шараның мақсаты оқушының өзіңдік көзқарасын тану болып табылады.