Кітап - оқу құралы екені мәлім. Оқушылар тек кітаптың пайдасы туралы әңгімелеумен бірге өздерінің сүйікті кітаптарынан түрлі бейнелер жасады. Сабақтан тыс ерекше форматта өткен шара балаларды қызықтырып еліктіре алды және кітаптардан жасалған композициялар символикалық, шығармашылық, эстетикалық өнерге айналғаның көрсетті.
5б сынып оқушылары «Сағатты» бейнелеуін уақытты босқа оздырмай кітап оқуға шақырғанымыз деп түсіндірді. «Алтын ғибадат» және «Десертке торт» инсталляциялары ғажабы әдебиеттер алтын біліммен сусындататынын білдірді. 5в сыныбының кітапханасы тақырыпқа сай «Тарихи ғимарат» әлем классикаларынан құралса, ал «Көбелек» инсталляциясы жануарлар туралы энциклопедияларынан жасалды. Жаңа оқу жылын лицейде бастаған оқушылар «Шыршаны» жаңа бастама символы ретінде бағындырар белестеріміз биік, нық болсын деп жорамалдады. 5ә сыныбы «Кітап оқу үстіндегі оқушының» бейнесін көрсете білді. Мұнымен барша қазақстандықтарды білім құмар болып, кітап оқуға шақырған ниеті.5асынып оқушылары кітап оқудың пайдасы мен күтімі жайында сыр шертті. Осы идеяның бәрін «Кітап үйі» макетіне ендіре алды.