8(7112) 22-85-97

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы Республика күніне арналған мектеп жиыны

Мектеп-лицейімізде 21-қазан Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақстанның әр азаматының Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың ел болашағына сеніп өсу маңызын түсіндіру, жастардың патриоттық сезімін елдің ұлттық идеологиясына айналдыру.

Салтанатты жиынға мектеп-лицейіміздің ұстаздары, оқушылары толық қамтылды. Жиында Республика күніне орай мемлкеттік гимнді көпшілік орындау ұйымдастырылды. Сондай-ақ жиын барысында 5-сынып оқушылары өлеңдері мен әндерін тарту етті. Мектеп-лицейіміздің көшбасшы оқушылары арасындағы сабақтастықты, сыйластықты арттыру мақсатында сайлау нәтижесінде жеңіп шыққан «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Қалымбет Дильназ бен Мектеп парламенті өзін-өзі басқару органының президенті Қанатқызы Арулана мектеп ұжымына таныстырылып, бұрынғы көшбасшылар Адилова Аружан мен Серік Ақнұр сәттілік тілеп, төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Жиын соңында мектеп-лицей гимні орындалды.