БҚО әкімдігі білім басқармасы Орал қаласының білім беру бөлімі “Болашағым - өз қолымда!” атты облыстық эссе байқауының қалалық кезеңі 2022 жылдың 21 қазан күні оздырылған болатын. Мақсаты: есірткінің зияны туралы, есірткі құралдарын пайдалану мен таратудың құқықтық салдары туралы білім алушыларды хабардар ету арқылы оқушының өміріне жауапкершілігін көтеру, салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру, нашақорлықтың, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудыңалдын алу.
Бұл байқауда мектеп-лицейіміздің 7 “ә” сынып оқушысы Алтынбекқызы Алинура ll орын алды. Пән мұғалімі-Куанышкалиева Г.Е.