2 қараша күні 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Қазылар алқасының шешімі бойынша 3 оқушы ІІ - орын иеленді. 5б сынып оқушысы Исенгулова Адемай (орыс тілі және әдебиеті секциясы) пән мұғалімі Г.К.Кусанова, 7ә сынып оқушысы Дәмер Жанайым (ағылшын тілі секциясы) пән мұғалімі А.Ж.Утебалиева, 7ә сынып оқушысы Ережеп Асема (тарих секциясы) пән мұғалімі О.А. Жұмағалиева. 1 оқушы «Алғыс хат» иеленді. 7ә сынып оқушысы Байыр Дамира (информатика секциясы) пән мұғалімі САймова Ф.Б. Пән мұғалімдерін, оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!