8(7112) 22-85-97

Әдістемелік бірлестік отырыстары өткізілді

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сай 1-3 қараша арылығында бірлестік отырыстары өткізілді.

Қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушы қабілетіне қарай оқытуды ұйымдастыру»,  орыс тілі және әдебиеті пән бірлестігі «Мәтінмен жұмыс істеу формалары мен әдістері», ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Ағылшын тілі сабағында инновациялық және заманауи цифрлық оқыту әдістері», тарих әдістемелік бірлестігі «Оқушының тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер», Информатика, физика, математика пән бірлестігі «Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі» жаратылыстану пән бірлестігі «Жаратылыстану пәнін оқытуда жеке тұлгага бағытталған бағдарды жүзеге асыру»,  дене шынықтыру және АӘжТД пәндерінің әдістемелік бірлестігі “Нәтижеге бағытталған жұмыс түрлері”. Мәдениеттану әдістемелік бірлестігі отырысы «5-7 сыныптардағы көркем еңбек пен музыка сабағында тиімді әдістерді қолдану» тақырыптарында отырыс өткізілді.  Пән бірлестік отырыстарында біліктілік арттыру курсынан өткен пән мұғалімдері О. А. Жұмағалиева, Г.К. Бергалиева, А.У. Камахаева   өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Отырыстағы күн тәртібіндегі басқа мәселелер де талқыланды. «Қимылмен көрсет», «Өрмекші тор», «Тиімді оқытудың 6 трамплині», «Құс жолы» т.б әдістер қолданылды.