Конкурстың мақсаты - біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Конкурстың міндеттері:
- педагог мәртебесін нығайтуға және оның имиджін арттыруға жәрдемдесу;
- үздік педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал ету;
- ҚР виртуалды Білім беру кеңістігіндегі Үздік бейнесабақтар мен бейнедәрістер банкін арттыру;
- педагогтарды кәсіби дамыту бойынша "Өрлеу "БАҰО" АҚ қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын іске асыруға ықпал ету.
Мектебімізден қатысқан 4 педагог жүлделі орынға ие болды. І-орын тарих пәнінің мұғалімі Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна, ІІ-орын география пәнінің мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна, ІІІ-орын орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Габдрахманова Бибигуль Демеуовна және информатика пәнінің мұғалімі Саткановна Эльмира Мухиденовна. Пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!